0
"Жомарт түлек" жобасының бастамасы барысында мектебіміздің түлегі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, "Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы ұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Төлендиев Қасымхан Естемесұлы және білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы мектебімізге келіп мұғалімдермен,оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасымхан Естемесұлы өзінің білім алған Мойынқұм орта мектебі туралы ой қозғап, мектептен шыққан беделді түлектер жайлы сөз өрбітті.










